Жүйкелер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жүйкелер (Үлгі:Lang-la) — адам мен жануарлар организмдерінде жұлын мен ми және вегетативтік жүйке ганглиондарымен (түйіндерімен) байланысып, белгілі бір мүшелердің қызметтерін реттеуге маманданған жүйке талшықтарынан құралған мүшелер. Организмде жүйкелер: жұлын жүйкелері, ми жүйкелері және вегетативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) жүйкелер болып үш топқа бөлінеді.

Құрылысы жағынан жүйкелер — паренхималы мүшелерге жатады. Олардың паренхимасын — жүйке талшықтары, ал стромасын —жүйке талшықтарын байланыстырып тұратын борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Строма арқылы жүйкені қоректендіретін қан және лимфа тамырлары өтеді. Жүйке талшықтарын бір-бірімен байланыстырып, талшықтар шоғырларын түзетін жіңішке дәнекер ұлпалық аралықтарды — эндоневрий. Талшықтар шоғырларын сыртынан қаптап, оларды бір-бірімен біріктіріп, жүйкені құрайтын ені жалпақтау келген дәнекер ұлпалық аралықтарды — периневрий, ал жүйкені сыртынан қаптап тұратын дәнекер ұлпалық қабықты — эпиневрий деп атайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub