Жасушалық қосындылар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жасушалық қосындылар (клеточные включения) — зат алмасу процесіне (метаболизмге) байланысты жасуша цитоплазмасындағы тұрақсыз құрылымдар. Жасушалық қосындыларға трофикалық, секретарлық, экскреторлық және пигменттік қосындылар мен витаминдер жатады.

Трофикалық қосындылар (протеин, май, көмірсулар) — қоректік заттардың қоры және энергия көзі. Протеиннің түзілуі мен жинақталуы жасуша эндоплазмалық торының белсенділігіне байланысты. Бауыр жасушаларында (гепатоциттерде) көмірсулар (гликоген), май қосындылары липид тамшылары ретінде жиналады.

Секреторлық (бөлінділік) қосындыларға пайдалы заттар (секреттер): сөл, сілекей, өт, гормондар (инкреттер), сүт және тағы басқалар жатады.

Экскреторлық қосындыларды жануарлар организміне керек емес зиянды қосылыстар (зәр, тер) құрайды. Пигменттік қосындылар жасушалар мен ұлпаларға түр-түс береді. Оған қандағы гемоглобин, Бұлшықеттегі миоглобин, терідегі меланин т. б. жатады. Пигмент каротин жемістерде, өсімдік жасушаларында түзіледі. Ол — А провитамині. Каротин жануарлар организмінде А витаминіне айналады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub