Секрет бөлгіш жасушалар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Секрет бөлгіш жасушалар (секреторные клетки) — өздерінен арнайы бөлінді (секрет) бөліп шығаратын безді жасушалар (гландулоциттер).

Безді жасушалардан бөліндінің бөліну процесін секреция деп атайды. Бұл кұрделі процесс, төрт кезеңнен тұрады:

  1. бөліндіні тұзуге керекті заттардың қан тамырларымен тасымалданып, гландулоциттерге сіңірілуі;
  2. гландулоциттерде әкелінген заттардан секретгің түзіліп, жасушада жиналуы;
  3. гландулоциттерден түзілген секреттің бөлініп, сыртқы ортаға немесе организмнің ішкі ортасына шығарылуы — экструзия;
  4. безді жасушаның қалпына келуі (регенерация).<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub