Секрет бөлгіш жасушалар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:40, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Секрет бөлгіш жасушалар (секреторные клетки) — өздерінен арнайы бөлінді (секрет) бөліп шығаратын безді жасушалар (гландулоциттер).
Безді жасушалардан бөліндінің бөліну процесін секреция деп атайды. Бұл кұрделі процесс, төрт кезеңнен тұрады:
- бөліндіні тұзуге керекті заттардың қан тамырларымен тасымалданып, гландулоциттерге сіңірілуі;
- гландулоциттерде әкелінген заттардан секретгің түзіліп, жасушада жиналуы;
- гландулоциттерден түзілген секреттің бөлініп, сыртқы ортаға немесе организмнің ішкі ортасына шығарылуы — экструзия;
- безді жасушаның қалпына келуі (регенерация).<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>