Аюоты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аюоты , брахиактис (Brachyactіs) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда ылғалды, сазды, көбінесе тұзды топырақты жерлерде, өзен-көл жағалауларындағы шалғындарда өсетін 1 түрі – кірпікшелі А. (В. cіlіate) бар. Биікт. 2 – 60 см, жіңішке тамырлы. Сабағының төм. бөлігі қызғылт, жоғ. бұтақтарын бытыраңқы түктер жапқан. Жапырақтары жіңішке, ұзын кейде қауырсынды. Себеттері көп гүлді, шеткілері аналық гүлді, түзсіз, түтікшелі. Табақшагүлдері гүлтәжілерінен қысқа, қос жынысты, 5 тықыр тісті. Тамыз – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымдары ұсақ, қоңыр түсті, түкті. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub