Саятшылық құстары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Саятшылық құстары деген – уақытты көңілді өткізу үшін пайдаланатын құстар. Кей елдерде саятшылық құстары боп тек қырғауыл, құр және бөдене саналады. Бұл топқа түйетауық, қаз-үйрек, жылқышы, тауқұдірет, шүрілдек тәрізді су құстарын жатқызуға болады. Саятшылық құстарды адамдар кеңінен аулайды. Оларды аулауға пойнтер, сеттер, ретривер тұқымды иттерді әдейі баулиды. Бұрындары үкімет саятшылық құстарды айқындап, оларды аулау туралы заң шығарып, аңшыларға рұқсат құжат беріп жататын. Заң ағылшын ақсүйектерінің көңіл көтеруіне жақсы жағдай жасайтын. Ал қазір бірқатар елдерде шығып жатқан заңдар, негізінен, аңшыларды емес, аңдарды қорғауға бағытталуда. Саятшылық құстары тобына 260-тан астам құс түрі кіреді. Бұл топта тауыс деген құс та бар. Саятшылық құстарының көпшілігінің денесі ірі, тұмсығы қатты, сирақтары балғадай күшті боп келеді.


Дереккөздер

ҚҰСТАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-454-6