Фазотрон

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:26, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Orsay proton therapy dsc04443.jpg
Ірі медициналық фазотрон

Фазотрон, синхроциклотрон — ауыр зарядталған бөлшектердің (протондар, иондар) циклдік резонанстық үдеткіші. Ондағы басқарушы магнит өрісі уақыт бойынша тұрақты болады, ал үдететін жоғары жиілікті электр өрісі өзгермелі. Фазотрондағы бөлшектер тарқатылған шиыршық бойынша қозғалады. Жоғарғы энергиялар физикасында үдеткіш ескірген болып табылады, дегенмен ол әлі медицинада қолданылады.

Жұмыс істеу реті

Синхроциклотронның жұмыс істеу реті мен құрылысы циклотрондағыдай. Айырмашылығы үдеткіш өріс жиілігінің төмендеуі кезіндегі релятивистік тежелу әсерінің қармауында.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


Үлгі:Wikify