Оптикалық күш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:17, 2014 ж. маусымның 15 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Lens image common.png
Оптикалық күш

Оптикалық күш – оське қарағанда симметриялы болатын линзалар мен линзалар жүйесінің жарық сәулесін сындыру қасиетін сипаттайтын шама. Жүйенің оптикалық күші – оның фокус аралық қашықтығына кері шама: F=n’/f’=n/f, мұндағы n’ және n – жүйенің екі жағында орналасқан орталардың сыну көрсеткіштері, f’ және f – жүйенің бас жазықтықтан бастап санағандағы алдыңғы және артқы жақтағы фокус аралықтары. Жүйенің оптикалық күші неғұрлым көп болса (фокус аралық қашықтық азайған сайын), жүйе соғұрлым жарық сәулесін күштірек сындырады. Оптикалық күш диоптриямен (м1) өлшенеді. Ол жинағыш жүйелерде оң, ал шашыратқыш жүйелерде теріс таңбалы болады. Оптикалық күш ұғымы көз диоптрикасында және көзілдірік оптикасында жиі қолданылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оптикалық күш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

de:Brennweite#Brechwert