Цай Ден Хак
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Цай Ден Хак<ref>ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.</ref> - Социалистік Еңбек Ері (1966), колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 14 сәуір 1913 жылы Ресейдің Қиыр Шығыс өлкесі, Ворошилов ауданы, Пиякно ауылында туған.
Еңбек жолы
- 1931-1934 жылдары - Қиыр Шығыс өлкесі, Ворошилов ауданы, "Сулудинский" күріш совхозында бригадир.
- 1935-1937 жылдары - Өлкелік партия-совет мектебінде тыңдаушы, саяси оқу үйінің меңгерушісі.
- 1937-1938 жылдары - осы ауданның "Кедровская звезда" колхозында председатель болды.
- 1939 жылдан КОКП мүшесі болды.
- 1938-1984 жылдары - Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, "3-Интернационал" колхозының председателі.
Жетістігі
- 4-6 сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.
- Қызылорда қаласында бір көше және Қармақшы ауданы, "3-Интернационал" кентінде бір көше Цай Ден Хак есімімен аталады.
Наградалары
- 2 рет Ленин ордені
- Октябрь революциясы ордені
- 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
- Социалистік Еңбек Ері (1966)
- Халықтар достығы ордені
- Медальдар
Дереккөздер
<references/>