Мастиктер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2011 ж. қарашаның 26 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мастиктер – заттың бетіне жағылатын қорғағыш, әрі әрлендіргіш рең беретін полимерлік негіздегі заттар. <ref>Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Алматы, «Мектеп» 2011.</ref>

Жалпы мастиктер үлкен үш топқа бөлінеді:

  1. органикалық еріткіште әзірленген балауызды мастиктер;
  2. сулы мастиктер;
  3. сулы-эмульсиялы мастиктер.

Бұл үш топтағылар да қатты, паста және сұйық күйінде өндіріледі. Органикалық еріткіш негізінде дайындалатын балауызды мастиктер паркет едендерді өңдеп тазалау үшін қолданылады.

Ол, негізінен, бензин, скипедар, уайт-спирит сияқты органикалық еріткіште әзірленеді. Оларды линолеум, пластиктерге қолдануға болмайды, себебі – ерітіп жібереді. Бұлар жақсы жағылады және жылтырлайды, кемшілігі – жағымсыз исі болады. Сулы мастиктер негізінен балауызды заттар мен эмульгаттордан тұрады. Оны концентрат түрінде өндіреді және басты артықшылығы – негізділігі. Оларды пайдаланар алдында суда өндіреді.

Құрамында суы болғандықтан, оларды керісінше ағаш негізді заттарға емес, линолеум мен пластиктерге қолданады. Сулы-эмульсиялы мастиктердің құрамында органикалық еріткіштің мөлшері шамалы болады. Сондықтан онымен кез келген беткейді тазалауға болады. Олардың кейбіреулерінің құрамында бактерицидті заттар болатындықтан, санитариялық-гигиеналық мәні зор, бөлме ішінің ауасын тазартады.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала