Жермай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Kerosene in mason jar.JPG
720 мл мөлдірлендірілген жермай
Жермай , керосин — С9 — С16 көмірсутектерінің қоспасы. Құрамында 23 — 60% қаныққан алифаттық, 24 — 58% нафтенді, 6 — 15% ароматты, 1%-ке дейін қанықпаған көмірсутектер болатын сұйықтық. Қайнау t 200 — 300° С; тығыздығы 0,790 — 0,846 г/см³. Негізінен, мұнайды дистилдеу арқылы алынады; күкіртті мұнайдан алынған жермайды гидротазалаудан өткізеді. Негізгі сорттары: авиациялық жермай (ауа-реактивті және газ-турбиналы қозғалтқыштарға отын ретінде қолданылады); жарық беретін жермай (жарық беретін және қыздырғыш шамдарда, металл кесетін аппараттарға және тұрмыстық құралдарға отын, химия өндірісінде еріткіш ретінде, т.б. қолданылады). <ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>
Сыртқы сілтемелер
- Последний бой углеводородов?, Новости космонавтики, ақпан 2008 жыл
- ГОСТ 10227-86. Топлива для реактивных двигателей. Технические условия.
- ГОСТ 12308-89. Топлива термостабильные Т-6 и Т-8В для реактивных двигателей. Технические условия.
- ГОСТ Р 52050-2006. Топливо авиационное для газотурбинных двигателей Джет А-1 (Jet A-1). Технические условия.
- Из истории керосина
- Керосин
Дереккөздер
<references/>