Жоса

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жоса – құрамына темірдің немесе қорғасынның кейбір оксидті туындылары кіретін пигменттер тобының жалпы атауы. Темір жосасы – қоңыр қызыл түсті табиғи пигмент. Химиялық құрамы -Fe2О3 (75 – 95%) және сазды заттар мен кварц қоспаларынан тұрады. Жарықтың, сілті ерітінділерінің, әлсіз қышқылдардың әсеріне тұрақты. Сырлау (бояу) жұмыстарының барлық түрінде кең қолданылады. Қорғасын жосасы – қызыл сары түсті пигмент; қорғасын оксиді Рb3О4 cуда ерімейтін кристалл. Ыдырау темп-расы 500 – 550С. Тотықтырғыш атмосферада РbО-ны 400 – 500С-қа дейін қыздыру арқылы алады. Қорғасын аккумуляторларында пластиналардың ұяшықтарын толтыру үшін және коррозияға қарсы бояуларға пигмент ретінде қолданылады.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала