Аквакешендер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:25, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аквакешендер – су молекулаларының қатысуымен түзілетін химиялық қосылыстар. Мұндай кешендік қосылыстарда су молекулалары лиганд ретінде болады. Көп зарядты катиондар сулы ерітінділерде әрдайым аквакешендер түзейді. Гидратталған иондармен салыстырғанда аквакешендер координаттанушы сандардың дәл мәнімен және орталық ионның айналасына лигандтардың орналасуымен сипатталады. Мысалы: [Ве(H2O)4] 2+ – құрылымы тетраэдрлік, ал [Со(H2O)6]2+октаэдрлік. Аквакешендердің кристалында тұздың кристалгидратына қарағанда су молекуласының металл ионымен байланысы берігірек келеді; кристалдық су тұздың ионымен де байланыса алады. Кейде координаттанған және кристалданған су қатар кездеседі, мысалы: [Fe(H2O)6]SO4H2O ашудасы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақ энциклопедиясы I том Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала