Халықтың генетикалық құрылымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:15, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ХАЛЫҚТЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫхалықтың белгілі бір мекенде тұруының ұзақтығы бойынша құрылымының шартты атауы. Тұрақты халық (жергілікті жерде туып-өскендер) және басқа аудандардан (қалалардан, ауылдардан) көшіп келген кірме халық түрлеріне бөлінеді. Соңғылары бұрыннан тұратындарға және жаңадан қо-ныстанғандарға ажыратылады. Халық генетикалық құрылымы туралы мәліметтерді санақ материалдарынан және арнаулы зерттеу материалдарынан алуға болады. Халық генетикалық құрылымын білу жаңадан қоныстанушылардың сіңісіп кетуі қиын аудандарда көші-қон саясатын әзірлеу үшін ерекше маңызды. Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала