Кофактор
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:00, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Кофактор — қан сарысуындағы тәнсіз дербес кұрам.
Вирусқа қарсы антиденелердің күшін арттырады. Кофактор қатысуымен антиденелермен вирус қатынасының беріктігі мен жылдамдығы артады, гетерогендік вирустармен айқас реакциялардың жүруі күшейеді. Кофактор гамма-глобулиндердің 19S тобының α2-макроглобулиндеріне жатады. Кофактор жылулыққа тым төзімсіз, суықта ұзақ уақыт сақталады, трипсиннің, зимозанның және инсулиннің әсеріне төзімді. Бұл ұғымды алғаш рет 1958 ж. чехословакия ғалымы Стык т. б. енгізген.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>