Эпиктет

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:43, 2015 ж. мамырдың 21 кезіндегі Алия Султанмуратова (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Эпиктет (50-138 ж. ш.) - Рим стоицизмінің өкілі, шыққан тегі - құл. Оның ілімін Арриан жазып алған, бізге жеткені - "Эпиктеттің пайымдаулары" және басқада шығармалар. Эпиктет ілімінің бүкіл физикаға, логикаға және этикаға бөлінеді. Эпиктет ілімінің бүкіл шабыты - этикада, атап айтқанда ішкі еркіндікті уағыздауда. Ол мырзаның өз нәпсісінің құлы, ал құлдың өзінің ішкі рухани тәуелсіздігінде еркін болуы мүмкін екенін, бірақ бұл еркіндікке дүниені өзгерту арқылы жетепейтінін дәлелдейді. адамды заттар емес, заттар туралы түсініктер бақытты етеді, ізгілік пен зұлымдық заттарда емес, қайта біздің оларға қатынасымызда, сондықтан бақытты болу- өз қолымызда. Эпиктет философиясы езілген таптың құл иеленушілік құрылысқа енжар қарсылығын білдірді. Ол христиан дініне ықпал етеді.

Дереккөздер

<ref>Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"</ref>