Гиподинамика

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гиподинамика – адамның қозғалыс қимылы белсенділігінң шектелуінен, бұлшық еттердің жиырылу күшінің төмендеуінен организм қызметінің (тірек қимыл қызметінің, қан айналымы, ас қорыту) бұзылуы. Гиподинамика энергия алмасудың төмендеуіне, бұлшық ет тіндерінің дистрофиясына, азоттық баланстың және май алмасудың бұзылуына, атеросклерозға әкеледі. Организмнің сыртқы ортаға икемдігін қамтамасыз ететін әрекеті азаяды, инфнкцияға тұрақтылығы төмендейді. Гиподинамика физиологиялық қартая процесін жылдамдатады. Қалалардың өсуі, еңбекті автоматтандыру және механикаландыру, коммуникациялық жабдықтарды кеңінен пайдалану гиподинамиканың өсуіне ықпал етеді.