Лоритәрізділер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Лоритәрізділер (Loriinae) - жартылай маймылдар тұқымдасы. Дене ұзындығы 22-26-дан 35-40 см дейін. Құйрығы ұзын, қысқа, мүлдем болмауы да мүмкін. Аяқ саусақтары ағашбұтақтарын қысып, ұстауға бейімделген. Көздері өте үлкен. Кейбіреулерінің көздері қара жолақпен көмкеріліп, ақ жолақпен бөлінген. Сондықтан бұндай Жартылай маймылдар бетіне маска кигізгенге ұксайды. 2 тұкымдас тармақтары бар: галаговтылар және лоритәрізділер немесе лемурлар, 11 түрі бар. Белгілі 4 туыстары тропикалық ормандарда мекендейді. Жіңішке лорилар оңтүстік Үндістан мен Шри-Ланкеде, жуан лорилар, оңтүстік-шығыс Азияда, (Филиппинге дейін), кәдімгі поттолар және калабар поттысы Экваторлық Африкада таралған. Ағаштарда тіршілік етеді. Белсенділігі түнде байқалады. Екі жақ аяқтарымен ағаш бұтақтарын кезек қатты қысып ұстап, кейде арқасын төмен қаратып, ақырын жылжып жүреді. Аяқ-саусақтарымен бұтақтарды қатты қысып ұста басын төмен салбыратып тұрады. Күндіз ағаш қуыстарымен қалың жапырақтар арасында ұйықтайды Талғамсыз қоректілер. Жекелей қосақталып, (жуан лорилар) немесе топ құрап, (жіңішке лорцлар) өмір сүреді.

Жақсы естиді. Дыбыс арқылы қарым-қатынас жасайды: күңкілдейді, шырылдайды, ысқырады, (ұрғашылары көбею кезінде). 1-2 бала табады. Олар туғаннан кейін бір тәуліктен соң, өздері ағаш бұтақтарына жармасып еркін қозғалып жүре алады.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub