Боридтер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Боридтер — бордың өзінен гөрі электртерістігі төмен элементтермен түзетін химиялық қосылыстары. Неғұрлым көбірек қолданылатындары: диборидтер, гексаборидтер. Қатты және ыстыққа берік қорытпалардың, жоғары темп-ралық және отқа төзімді материалдардың, болаттан, шойыннан жасалған тетіктердің тозуға төзімді қаптамаларының, қуатты электрондық аспаптар катодтарының, қажақтардың құрам бөліктері ретінде қолданылады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref>
Дереккөздер
<references/>