Ақтаужетібай су құбыры

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақтаужетібай су құбыры (АктауЖетыбайский водопровод) — Маңғыстау облысында Ақтау қаласынан басталып, Жетібай арқылы Жаңаөзен қаласына дейін созылады. Елді мекендерді ауыз сумен және мұнай кәсіпшіліктерін техникалық (теңіз) суымен қамтамасыз ету үшін 1966—1978 ж. салынған. Тұщытылған теңіз суына бірнеше ұңғыма арқылы шыққан жер асты тұщы суы қосылады. Ауыз су құбырының ұзындығы — 166 км, жылына 186 млн. м3 су береді, техникалық су құбырының ұзындығы — 152 км, су шығыны — 6,7 млн. м3. Суға тапшы Маңғыстау өңірінің табиғи байлығын игеруде маңызы күшті.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала