Тезағар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
07:46, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тезағар — су ағынын су тартқыштың жоғарғы телімінен төменгі теліміне қарай бағыттап, үлкен жылдамдықпен қозғалатын ашық канал (науа) түріндегі гидротехникалық имарат; каналдың бетонмен немесе темір-бетонмен қапталған суды тез ағызатын құрылысының түрі. Ені тұрақты немесе ауыспалы болады, тезағардың енінің ауыспалы болуы төменгі бъефтегі су энергиясын бәсеңдетуге байланысты. Тезағардың гидравликалық еңістігі ықтимал еңістіктен артық (<math>i > h_\mathrm{ yqt}</math>) болады. Егер т. Ұзындығы ұзағырақ болса, онда су жылдамдығы тезағар соңында арта түсіп, бұған керісінше, тереңдігі тым азайып кетеді. Осы құбылысты болдырмау үшін тезағардың бас жағын бірте-бірте тарылтады; бұл жағдайда оның осы бөлігіндегі су тереңдігі Тұрақты болғанда, көлденең кимасының ауданы канал еніне байланысты өзгереді <math>[\omega = | (b)]</math>, мұнда <math>b</math> — канал ені, <math>\omega</math> тезағардың көлденең қимасының ауданы.

Тезағардың гидравликалық есептеулерін жүргізгенде мына жайттар ескерілуі тиіс:

а) тезағардың тарылу бөлігі;
б) призмалы арнадағы еркін бетінің қисық сызықты есептелуі;
в) каналдың басындағы және соңындағы еркін бетінің қисық сызығын анықтау.

Каналдағы ықтимал жылдамдықты Войнич-Сяноженецкий формуласымен анықтайды: <math>P_\mathrm{ykt}</math>

<math>P_\mathrm{ykt} = \frac{6,63[gcos\phi (R^2 + 0,0011)]^{1/2}}{R^{1/3}(R^{1/6} + 867n)};</math>

мұндағы <math>g</math> — еркін құлау үдеуі, м/с2; <math>cos\phi = \sqrt{1 - J_\mathrm{0}}</math> (мұнда <math>J_\mathrm{0}</math> — тезағар табанының еңістігі); <math>R</math> — ауаланбаған ағынның гидравликалық радиусы; <math>n</math> — кедір-бүдырлық коэффициенті. Су өтімін Айвазян формуласымен анықтайды:

<math>Q_\mathrm{ph} = \frac{Q}{(1 - a)1,5 + y};</math>

мұндағы <math>Q</math> — нақты су өтімі, м3/с; <math>a</math> — ауалану коэффициенті; <math>y</math> — дәрежелік көрсеткіш, <math>y</math> = 0,2. Тезағардың төменгі бъефпен қабысуы (грунт-топырақты жағдайда) суурма құдықпен немесе суұрма қабырғамен жалғасады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub