Төменгі деңгей
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
07:51, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Төменгі деңгей – ағын судағы судың ең төмен деңгейі; су жиналу алқабынан судың ең аз келуінен болады. Төменгі деңгей кезеңінде жер асты суының маңызы жоғары болады. Төменгі деңгей қысқы (қыстың басынан көктемгі су тасуға дейін) және жазғы (көктемгі су тасудың аяғынан күзгі тасқынға немесе мұзқұрсауға дейін) болып бөлінеді. Төменгі деңгейдің ұзақтығы 10 күннен 30 күнге дейін болса, қысқа, 30 күннен асатын кезде, ұзаққа созылған деп есептеледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>