Ювенил сулар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ювенил сулар — Жердің өте терең қабаттарындаға магмадан бөлінетін оттек пен сутектен түзілетін және жер бетіне таяу тереңдіктегі табиғи су айналымына алғаш рет қатысатын жер асты сулары. Терминді 1902 жылы австриялық геолог Э. Зюсс (1831-1914) ұсынды. Ол ыстық бұлақтардан, қайнарлардан шыққан жоғары температуралы суларды да Ю.с. деп санады. Ю.с. табиғатта таза күйінде кездеспейді, себебі жер қабатынан өткенде атмосфералық сумен араласады. Ю.с. қосылған ыстық бұлақтар көптеген жаңа жанартаулы аймақтарда кездеседі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub