Егістік жерді су жаю арқылы суармалау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
07:44, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Егістік жерді су жаю арқылы суармалау — суармалау әдісі, суарылатын танаптарды ұзақ уақыт су бастыру арқылы күріш дақылын суару түрі; тұрақты және қысқа мерзімді субастыру болып бөлінеді. Тұрақты субастыру тәсілін қолданғанда, дән себілген соң іле-шала су жіберіліп, қажетті деңгейіне, су өсімдік көктеп шыққаннан піскенге дейін уздіксіз әр түрлі қабатта ұсталады. Қысқа мерзімді суға бастыру — судың тұрақты қабатын бірден жасамайды. Оны өсімдік көгі түгел өніп шыққан соң немесе түптенер алдында жасап, кейін әр түрлі деңгейде ұстап отырады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>