Судың жемірлік әсері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Судың жемірлік әсері ( франц. "agressif"-, лат. "aggrediar" — шабуылдаймын, тиісемін) — табиғи судың бетоннан немесе металдан жасалған құрылысты өз құрамындағы еріген тұздар мен газдардың химиялық әсер ету жолымен бұзу қабілеті. Жемірліктің бірнеше түрі бар: көмірқышқылдық, шаймалаушылық, жалпықышқылдық, сульфаттық, магнезиттік және оттектік.
Судың зиянды әсері
Судың зиянды әсері — су басудың, селдің, тасқынның салдарынан аумақтың су астында қалуы, жердің (топырақтың) сортаңдануы мен батпақтануы, жағалаудың, корғаныш құрылыстарының, гидротехникалық және т.б. имараттар мен ғимараттардың бүлінуі (бұзылуы) және т.б.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>