Гидравликалық дүмпуді бәсеңдеткіш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гидравликалық дүмпуді бәсеңдеткіш — гидравликалық дүмпудің өсерін кемітуге арналған құрылғы немесе сақтандыру шаралары. Құбырдағы су арынының жылдамдығын өзгерту кезінде су өткізгіш кранды бірден ашып-жаппауды қадағалау қажет. Өйткені көп жағдайда бағыттаушы аппараттағы кран бірден жабылса, турбинаның айналу жиілігі күрт артып, оның істен шығуына әкеліп соқтырады. Мұны болдырмау үшін құбыр желісінде қысым артқан кезде автоматты түрде өздігінен ашылатын сақтық клапанын орнатады. Құнының кымбаттығына байланысты кейде оны сақтық диафрагмасымен алмастырады. Сақтық диафрагмасының ерекшелігі — қалыпты қысымды үстап тұруға шыдас беріп, кенеттен гидравликалық дүмпу пайда болған кезде ортасынан қақ бөлінеді, сөйтіп құбырдағы арынды су жерге төгіледі, мұның есесіне құбыр желісі апатқа ұшырамайды әрі оны алмастыру оңай. Гидравликалық дүмпуді бәсендетудің бұдан баска да төсілдері бар. Жалпы, гидравликалық дүмпудің айрықша қуатын гидротехникалык құрылымдарда кеңінен қолданады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub