Гидравликалық беріліс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Гидравликалық берілісмеханикалық энергияны және қозғалысты сұйықтық арқылы жетекші біліктен жетектелуші білікке жеткізетін құрылғы. Ол теплоходта, тепловозда, автомобильде, ұшақта, станоктарда, желдеткіш және сорғы жетектерінде қолданылады. Жұмыс қағидасына қарай гидравликалық беріліс көлемдік (гидростатикалық) және гидродинамикалық болып бөлінеді. Көлемдік берілісте энергия жетекші біліктен жетектелуші білікке гидростатикалық қысым көмегімен, ал гидродинамикалық берілісте гидродинамикалық қысым арқылы беріледі. Көлемдік беріліс гидроқозғалтқыштан, гидросорғыдан және оны айналдыратын қозғалтқыштан тұрады. Сұйықтық гидросорғыдан қысыммен гидромоторға беріледі, ал гидроқозғалтқыш жетектік механизмді қозғалысқа түеіреді. Сүйықтықтың ағыс бағытын және мөлшерін реттей отырып, гидроқозғалтқыштың жылдамдығы мен айналу бағытын өзгертуге болады. Гидродинамикалық беріліс гидромуфта және гидротрансформатор ретінде машина трансмиссияларында қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub