Жалпы су пайдалануды жүзеге асыру

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жалпы су пайдалануды жүзеге асыру (Осуществление общего водопользования) — жалпы су пайдалану кезінде табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органның және мемлекеттік санитариялық қадағалауды, жер қойнауын, балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын, кеме қатынастары мен ағаш ағызуды реттейтін органдардың талаптарын, сондай-ақ суда адамдардың өмірін қорғау ережелерін міндетті түрде сақтау шаралары. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шомылуға, қайықпен жүзуге, ауыз су мен тұрмыс мұқтаждары үшін су алуға, мал суаруға тыйым салынатын жерлерді белгілейді, сондай-ақ өздерінің әкімшілік шекаралары шегінде орналасқан сутоғандарда жалпы су пайдаланудың басқа да шарттарын анықтайды. Жалпы су пайдалану шарттары туралы ұсыныстарды табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитариялық қадағалау жасайтын мемлекеттік органдар және басқа да мүдделі органдар енгізеді. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өздері белгілеген жалпы су пайдалану шарттары туралы күнілгері хабарландыруға міндетті.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub