Бірқалыпсыз қозғалыс
Бірқалыпсыз қозғалыс — ағынның түрлі қимыл қималары үшін (уақыттың осы сәтінде) жылдамдық эпюрасы әр түрлі болатын сұйықтықтың қозғалысы (ағыны); қимыл қиманың орташа жылдамдығы мен ауданы айнымалы немесе (уақыттың нақты осы сәті үшін) ағын бойында тұрақты болады. Бірқалыпсыз қозғалыс — арна қимасының өзгеруі, арна табаны еңістігінің ұзаруы, арна табанында әр түрлі кедір-бұдыр кедергілердің кездесуіне байланысты туындайды. Бірқалыпсыз қозғалыс призмалық емес арнада тұрақты қозғалыс кезінде орын алады. Призмалық арналарда Бірқалыпсыз қозғалыс тежеу қисығы немесе төмендеу қисығы аймағында орын алуы мүмкін.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>