Хабиболла Құсайынұлы Оспанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хабиболла Құсайынұлы Оспанов (10.7.1932 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылы) – ''химия ғылым докторы (1981), ''профессор'' (1983), Халықаралық және Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар ғылым академияларының академик (1995), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы (1976).

  • 1955 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1965) бітірген.
  • 1955-1958 Павлодар облысы Майқайың кентіндегі мектепте мұғалім, «Майқайыңалтын» комбинатында инженер
  • 1958-1962 орталық лаборатория бастығы,
  • 1965-1976 ҚазМУ-да кіші, аға ғылым қызметкер
  • 1976-1983 профессор
  • 1983-2002 кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді.
  • 2002 жылдан ҚазҰУ-да проф. қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектер

1979 ж. «Разработка физико-химических основ и принципов прогнозирования последовательного растворения минералов и неорганических материалов (на примере сульфидов, оксидов, силикатов)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектері негізінен химияның және электрхимияның неорганикалық физика, химия технологиясын зерттеу мәселесіне арналған.

1100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 22 монография (мыс., «Физико-химические основы избирательного растворения минералов», 1993; «Общие принципы урегулирования действия гальванического эффекта между сульфидными в условиях гидрохимического процесса», 2004, т.б.), 20 оқулық пен оқу құралының авторы. 150 өнертабыс пен патенттердің, 3 халықаралық жаңалықтың иегері.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Қосымша мәліметтер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub