Иван Владимирович Кирилюс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Иван Владимирович Кирилюс (30.4.1926 жылы туған, Украина, Запорожье облысы Нововасильевка ауданы Марьяновка селосы) – химия ғылымының докторы (1983), профессор (1987).

1951
Қырым педагогикалық институтын бітірген.
1951-1954
Қарағанды медицина училищесі мен
1954-1960
Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы,
1960-1983
Қазақстан ҒА-ның Химия-металлургия институтында аспирант, ғылыми жұмыстар жөнінде директордың орынбасары, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1983 жылдан
Органикалық синтез және көмір химиясы институты директорының орынбасары,
1983-1985
бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

Кирилюстің ғылыми еңбектері негізінен органикалық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеп, оларды электрокатализдік синтез арқылы алу технологиясын жасады. Кирилюс 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 8 монографияның авторы.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub