Иван Владимирович Кирилюс
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
08:40, 2014 ж. маусымның 14 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Иван Владимирович Кирилюс (30.4.1926 жылы туған, Украина, Запорожье облысы Нововасильевка ауданы Марьяновка селосы) – химия ғылымының докторы (1983), профессор (1987).
- 1951
- Қырым педагогикалық институтын бітірген.
- 1951-1954
- Қарағанды медицина училищесі мен
- 1954-1960
- Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы,
- 1960-1983
- Қазақстан ҒА-ның Химия-металлургия институтында аспирант, ғылыми жұмыстар жөнінде директордың орынбасары, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды.
- 1983 жылдан
- Органикалық синтез және көмір химиясы институты директорының орынбасары,
- 1983-1985
- бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
Кирилюстің ғылыми еңбектері негізінен органикалық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеп, оларды электрокатализдік синтез арқылы алу технологиясын жасады. Кирилюс 200-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 8 монографияның авторы.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>