Үзір қайы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:41, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Үзір қайы, И т и х а д а - құрсақтан емес, дененің бір тамырынан ағатын қан. Балиғат жасына жеткен әйелдің үш күннен аз, он күннен артық аққан қайы Үзір қайы болып табылады. Нифасболған әйелдің қырық күннен кейінгі және жүкті кезіндегі қайы да Үзір қайы деп аталады. Әйелдің мұндай үзірі ғибадатқа кедергі келтірмейді. Тек дәреті болған кезде ақса, жарадан аққан қан секілді дәретті бұзады. Тоқтаусыз жалғасса, әйел «үзірлі» қатарына жатып, намазға арнайы дәрет алады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Дереккөздер
<references/>