Садақ биі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:11, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

“Садақ биі”қазақ биі. Музыкасы Е.Г. Брусиловскийдікі. Музыкалық өлшемі 4/4. “Садақ биінің” ырғағы екпінді болып келеді. Алғаш рет осы биді 1934 ж. балетмейстер А.А. Александров қойған. Би шабандоз жігіттердің ат үстінен садақ тарту ептілігін, мергендігін бейнелейді. Ол 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде (“Қыз Жібек” операсында) орындалды; кейін “Садақ биі” қазақ бишілерінің жеке репертуарынан орын алды. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref> <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала