Музыкалық кілт
Музыкалық кілт<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> – нота сызықтарында орналасқан нотаның атауы мен биіктігін белгілейтін, дыбыстардың мағынасын анықтайтын белгі. Нота қатарының бас жағына қойылады. Кілт таңбаларының бірнеше түрлері бар. Әншілер мен аспаптардың әр түрлі дыбыстық ауқымына орай, ноталардың орналасуына қолайлы кілтті қолдануға тура келеді. Музыкалық кілттің көп қолданылатындары – скрипкалық (2-сызықтағы соль), бас (4-сызықтағы фа) және до кілттері (сопранолық, меццо-сопранолық, альттық, тенорлық, баритондық). Әрбір кілттің нота жазуында бекітілген белгілі бір өзіндік орны болатындықтан, соған сай дыбыс қатарының атауы мен биіктігі де өзгеріп отырады.
- Скрипичный ключ.svg
Скрипкалық немесе соль кілті
- Басовый ключ.svg
Бас немесе фа кілті
- Альтовый ключ.svg
До кілті
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
<references/>Үлгі:Stub