Үш дене есебі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:10, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үш дене есебіастрономияда бір-біріне бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша тартылып, материялық нүкте ретінде қарастырылатын үш дененің қозғалысы туралы есеп (Ньютон заңы). Күн, Жер және Ай үш дене есебінің классикалық мысалына жатады. Финн астрономы К.Ф. Сундман 1912 ж. Үш дене есебінің уақыттың кез келген мезеті үшін жинақты болатын қатарлар түріндегі жалпы шешуін тапты. Бірақ Сундман қатарлары өте баяу жиналатындығына байланысты тәжірибелік есептеулер үшін пайдасыз болып шықты. Кейбір арнаулы бастапқы шарттар орындалған жағдайда үш дене есебінің қарапайым шешімдерін (Лагранж шешуі) табуға болады.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify