Қандыағаш орманды алқабы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:10, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Akmol obl.svg
Ақмола облысы.

Қандыағаш орманды алқабы, Ақмола облысы Ерейментау таулы алқабындағы ботаникалық қорықша. 1974 жылы құрылған. Ауданы 0,86 мың га. Қандыағашты орман немесе қандыағаштар осы Ерейментау тауларының көрікті аймағы саналады. Реликт ағаш саналатын қандыағаштың жеңіл сүрегі ағаш өңдеу өнеркәсібінде құнды саналады, жаңғақты жемісі медицинада пайдаланылады. Қандыағаштан басқа Қандыағаш орманды алқабында 300-ден астам өсімдік түрлері өседі: оның 26-сы – ағаштар мен бұталар. Сирек өсімдіктерге қазақ аршасы, қос масақшалы қылша, жартасты қарақат, қырыққұлақ, сүйсін, қарғакөз жатады. Сонымен бірге сәлбен, шерменгүл, таспашөп, тентекмия, жебір, киікоты (көкемарал) кең тараған. Жануарлардан арқар, қасқыр, түлкі, суыр, қоян; құстардан құр, тырна, аққу, саңырау құр, т.б. мекендейді.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub