Дария мұнай-газконденсат кен орны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:24, 2014 ж. мамырдың 30 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дария мұнай-газконденсат кен орны , Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы жерінде. Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде, Дария аулының маңында орналасқан.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref> 1989 ж. ашылған. Аумағы 1,6×0,5 км. Коллекторлары кеуекті, кеуекті-бұрмалы. Шоғыр қабаты қуатты, ол 4210 м тереңдікке дейін жетеді. Мұнайының тығыздығы 862 – 871 кг/м3, күкірті аз (0,37%), парафині өте жоғары (6,8%), шайыры 2,5%. Кен орны барлануда.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Үлгі:Wikify

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub