Киіктабан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

КИІКТАБАНАқсақалбелгі құмының шығысындағы қоныс. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының оңтүстік-шығысында 30 км жерде орналасқан. Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен 135 – 137 м биіктікте орналасқан. Қоныс бойында Кішікиік, Садық, Тазтөбе, Қоңыртөбе қыстаулары бар. Солтүстігінде Шұбартеңіз, шығысында Бұланты, оңтүстігінде Үлкен Тастемір, батысында Ұзыншұңқыр қоныстары орналасқан. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Сыртқы сілтемелер