Каламин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Каламин, гемиморфитсиликаттар класының минералы. Химиялық формуласы Zn4(OH)2|Si2O7]•H2O. Құрамында 67,5% ZnO, 25% [[SіO2, 7,5% [[H2O]] бар. Ромбылық сингонияда кристалданады. Кристалдары қабықша, сталактит пішіндес. Түсі ақ, көк, сары және жасыл, кейде түссіз болады. Шыныдай жылтыр, қаттылығы 4 – 5, меншікті салмағы 3,4 г/см3. Морт сынғыш. Қорғасын-мырышты кендердің тотығу белдемдерінде кездеседі. Каламиннен мырыш алынады. Кендері Орталық Қазақстанда (Ақжол, Қызылеспе, Гүлшат), Алтайда бар. <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала