Жүрекшөп

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жүрекшөп (Үлгі:Lang-la) – орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда далалық, шөлді және таулы аймақтардың сортаңды, құмды жерлерінде, өзен, көл жағалауларында, таудың тасты, тастақты беткейлерінде кездесетін 3 түрі (әжік Жүрекшөбі, жатаған Жүрекшөбі, түкті Жүрекшөбі) бар. Бұлардың биікт. 12 – 50 см, бұтақты, сыртын қысқа түктер жапқан. Тамыр түбінен шығатын жапырақтары жебе тәрізді, сабақ бойындағылары ұзынша, жиектері тілімденген. Гүлдері ақ түсті, қалқанша гүлшоғырына топталған. Сәуір – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жүрек тәрізді бұршаққын. Жүрекшөптің тұқымын бұрыш орнына тағамға пайдаланады.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub