Жебежапырақты ергеш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Жебежапырақты ергеш (Үлгі:Lang-la) – орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Тарбағатай мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының құрғақ құмды алқаптарында кездеседі. Биіктігі 80 см, жуан, сүректі тамыры бар. Сабағы жіңішке, бұдырлы, жоғарғы жағы бұтақтанған. Жапырақтары ірі, көбінесе жиегі тегіс. Гүлдері ақ түсті, олар ірі сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – эллипс тәрізді, домалақ үрме қақпақшасы бар бұршаққын. Жебежапырақты ергеш – өте сирек кездесетін эндемик және реликт өсімдік, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізлген.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub