Друза

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Друза тау жыныстарындағы жарықшақтың немесе қуыстың қабырғасына жабыса біткен кристалдар шоғыры. Кристалдардың көрініп тұрған бөлігі жақсы қырланған, бір-бірімен тығыз жанасып, қатарласа тізілген минералдар шоғырын ойлы-қырлы немесе мәуесек тәрізді агрегаттар құрайды. Кварц, кальцит, антимонит және сульфидтердің Друзалары жиі кездеседі.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub