Друза
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:02, 2014 ж. мамырдың 29 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Друза – тау жыныстарындағы жарықшақтың немесе қуыстың қабырғасына жабыса біткен кристалдар шоғыры. Кристалдардың көрініп тұрған бөлігі жақсы қырланған, бір-бірімен тығыз жанасып, қатарласа тізілген минералдар шоғырын ойлы-қырлы немесе мәуесек тәрізді агрегаттар құрайды. Кварц, кальцит, антимонит және сульфидтердің Друзалары жиі кездеседі.