Дүңкеш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дүңкеш (Peplіs) – тергүлдер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанның далалық, шөлді, таулы аймақтарында тараған екі түрі бар. Көбірек тараған түрі – кезекжапырақты Д. (P. alternіfolіa). Бұл Тобыл, Есіл, Ертіс өзендері мен Мұғалжар, Торғай, Ұлытау, Қарқаралы, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Қаратау өңіріндегі сулы әрі дымқыл жерлердегі шалғын шөптер арасында өседі. Оның биікт. 2 – 15 см. Тамыр түбінен бұтақтала өскен сабағына ұсақ жапырақтары кезектесе орналасады. Гүлшоғыры жапырақ қолтығынан шығады. Гүлдері қызғылт түсті. Жемісі – домалақ пішінді қорапша. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub