Дүңгіршектер тұқымдасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Дүңгіршектер тұқымдасы (Үлгі:Lang-la) – бір және көп жылдық жәндікқоректі өсімдіктер. Дүние жүзінде тараған 5 туысы, 250-дей түрі белгілі. Бұлар негізінен суы мол ылғалды және батпақты жерлерде өседі. Жапырақтары кезектесіп немесе шоғырланып шығады. Гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, салалы гүлшоғырына топталған. Аталығы 2, тозаңдығы бір не екі ұялы. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір ұялы көп тұқымды қорапша. Тұқымдары ұсақ, эндоспермсіз (өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Қазақстанда Д. т-ның 1 туысы, 3 түрі бар; қ. Дүңгіршек.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:WikifyҮлгі:Stub