Бүршікбас

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бүршікбас , телиптерис (Тhelypterіs) – қырыққұлақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Алтайдың қылқанды және аралас ормандарында, көлеңкелі тасты жерлерде немесе жартастарда өсетін 1 түрі – қызылағаш Б. (Т. phegopterіs) бар. Биікт. 15 – 30 см, тамырсабағы жуан, жылжымалы. Жапырақ сабақтары сарғыштау, жапырақ табақшалары дөңгелек, жоғ. жағы ұшқыр, екі беті де түкті. Сорустарының (жапырақтың астыңғы жағында орналасқан қаптаулы спорангийлер) жамылғысы болмайды, пішіні дөңгелек, споралары бүйрек тәрізді, жіңішке айдаршасы бар. Шілдетамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub