Бұталық ақбасбалау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бұталық ақбасбалау (Аsterothamnus frutіcosus) – күрделігүлділер тұқымдасының ақбасбалау тұқымдасына жататын шала бұта. Қазақстанда тек Жетісу (Жоңғар) Алатауы өңірінде кездеседі. Биікт. 45 см. Бұтақталған сабақтарының сыртын қалың түк басқан. Жапырақтары жіңішке, ұзындығы 25 см, ені 4 мм. Ұсақ, ашық көк түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Қос жынысты, тұқымынан көбейеді. Маусымшілде айларында гүлдеп, тамызқыркүйекте жемістенеді. Тұқымы 3 қырлы, сыртын түк басқан. Айдаршасы ақ, сұрғылт түсті болады. Бұталық ақбасбалау өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub