Бұқтырма ойысы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бұқтырма ойысы – Бұқтырма өзенінің аңғарын бойлай жатқан науа тәрізді эрозиялық ойыс. Алтай тауының оңтүстігіндегі Қалба, Нарын жоталары мен Зайсан көлінің аралығында жатыр. Ұзындығы 45 – 50 км, ені 10 – 15 км. Беткейлері – делювийлі шөгінділердің жұқа қабаты жауып жатқан түпкі жыныстар; табаны – малтатас, құм, саз сияқты аллювийлі шөгінділер. Ойыстың көпшілік бөлігі 1960 – 67 жылы салынған Бұқтырма бөгенінің астында қалды.
<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>