Батпақ (сор)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:21, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Батпақ – Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы сор. Аралсор көлінің шығысында, ендік бағытта 40 км-ге созылған. Теңіз деңгейінен 16 м биіктікте орналасқан. Қар, жауын-шашынның әсерінен шалшық көлдерге айналып, мамырдың ортасынан бастап тартылып, батпақты сорға айналады. Жер бедерінде сораң шөптер, жағалауында қамыс, құрақ өскен. Батпақ соры шабындыққа және жыл бойғы жайылымға пайдаланылады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>